25-04-2024
20.3 C
Шымкент

Өмірге таласы бар жандар

«Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы мен қылқалам шеберлері көрмесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына, «ЭКСПО -2017» Халқаралық мамандарылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл- Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығының ұйымдастыруымен мүнкіндігі шектеулі жандар арасында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратында «Үкілі үміт» атты байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты мүмкіндігі шектеулі өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсетіп насихаттау, оларға бағыт бағдар беріп өмірге деген құштарлығын арттыру. Байқауға қатысқан ауданымыздың үміткерлері ән жаныры бойынша Дамин Диас, Ахан Жанел би жаныры бойынша Ахан Нұрсәуле, Әбілқасым Аяулым қылқалам шебері Отарова Әдеміөнер әлеміне деген құлшыныстарын көрсетті.Аудан намысын қорғаған Жанель Ахан «Жігер» жігер жүлдесімен марапатталса , обылыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесімен және жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ынталандыру сыйлығымен Ахан Нұрсәуле дәрежелі дипломмен және ақшалй сыйлықпен марапатталды. Дарыны мен даралығын айқындайтын айтулы байқау жеңімпаздарына облыстық мәдениет басқармасы басшысының арнайы алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді. Мүнкүндігі шектеулі өнерпаздарымыздың барып қайтуына қолдау көрсеткен жүрегі жомар азаматымыз «Созақ ауданының мүмкүндіктер қоғамының» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Райымов Молдахмет Қожамқұлұлына алғысымызды білдіреміз. Өңіріміздің әр аймағынан келген үміткерлер мүмкіндіктің шектеулі екеніне қарамастан, әндерін орындап, би жанырында алдарына жан салмады, аспаптарда да шебер ойнады. Қылқалам иелері салған суреттер көрермендерді терең ойға жетеледі. Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған байқау талай таланттың талабын шыңдады. Үміткерлер көрермен қошеметіне бөленді.
Айман Балтабекова,
Аудандық орталық кітапхананыңкөзі көрмейтін және әлсіз көретін,
мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету жүйесінің кітапханашысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР