20-04-2024
24.3 C
Шымкент

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

23 маусым халық тыныштығын күзететін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Аталған күнге орай, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Салтанатты шара барасында аудан әкімі С. Полатов барша құқық қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі С. Кенжебеков хабарлама жасап, құқық қорғау қызметінің тыныс тіршілігі мен атқарған қызметі туралы хабарлама жасады. Ел тыныштығы үшін күні түні дамыл таппай қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық. Жылына бір келетін айтулы меркелерінде тәртіп сақшыларының барлығы да марапатқа ие болды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасаның орынбасары Р. Әлжанов қызметті табысты атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті. Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері ұжымы, осы салада қызмет еткен полиция ардагерлеріне шапан жауып, құрмет көрсетті.  Салтанатты жиын соңы мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР