25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Күзет қызметкерлері мерекелерін атап өтті

Ішкі Істер министрлігінің құрамына кіретін облыстық мамандандырылған Күзет қызметінің мамандары өз мерекелерін атап өтті. Салтанатты шара Оңтүстік Қазақстан облыстық филармонияда ұйымдастырылды. Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойымен сабақтастырылған кеште біраз қызметкердің шені жоғарылады. Ел тыныштығын күзетуде талмай тер төккендер марапатқа ие болды. Жантөс Есетовтың бұл саладағы еңбегі — еселі. Ауыр міндетті атқарып жүргеніне биыл — 23 жыл. Осы уақыт ішінде ол күннің ыстығына төзіп, суығына шыдады. Соның арқасында қарапайым қызметкер қатарынан басшылық дәрежеге дейін көтерілді. Ал, Қазақ полициясының құрылғанына 25 жыл толғанда облысқа сіңірген еңбегі үшін медалімен марапатталды. Жантөс Есетов – Батальон командирі «Екі жылдан бері басшылық біздің қызметкерлерді марапаттап отырады. Марапаттау деген қызметкердің алдағы қойған жұмысына жауапкершілігіне бірден бір ықпал етеді деп есептеймін. Полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын». Ал, Серік Әбдібеков — полицейлер шаңырағының отағасы. Осы саладан зейнеткерлікке шыққан жанның жары мен  ұлы да — полиция қызметкері. Мереке қарсаңында марапат алып, мерейі тасыған ардагер нағыз ішкі істер органының қызметкері қандай болуы керек екенін айтып берді. Серік Әбдібеков – Полиция ардагері «Полицейге бірінші кезекте өз кәсібін шын сүйе білуі керек. өз кәсібін өз деңгейінде білетін білімі болу керек. қырағылығы өз халқына деген адалдығы болуы керек».Негізінде облыстық күзет басқармасында  976 қызметкер бар. Олар өңірдегі 67 стратегиялық маңызы бар нысанды күзетеді. Жұрт ұйқыда жатса да кірпік қақпай, қоғам тыныштығын қарауылдайтын жандардан әрбір секунды сақтықты талап етеді.  Қанатбек Тілеубердиев – Облыстық мамандандырылған күзет басқармасының бастығы «Негізінде алғашқы бекет қызметкерлері біздің қызметкерлердің басты міндеттерінің бірі қырағылық пен жүректілік. Біз ойлаймыз күзет қызметкерлері бір орында тұрады деп. Олардың әрбір секунды қырағылықтан тұрады». Ұласбек Сәдібеков – Облыс әкімінің орынбасары «Шынында күзет қызметкерлері еліміздің үлкен маңызды стратегиялық объектілерін күзетеді. Стратегиялық объектілер халықтың, қоғамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты болып отыр». Азат ел азаматтарына қалқан болған  полицейлер бүгін мереке мерейін айрықша сезінді. Олардың құрметіне өңір өнерпаздары әсем ән айтып, күмбірлеген күй арнады.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР