04-09-2021
27.3 C
Шымкент

Мемлекеттік қызметтегі үздіктер анықталды

Мемлекеттік қызмет — ұлтқа қызмет.ОҚО Ордабасы ауданы әкімдігінде бас маман болып қызмет ететін Абылай Қалықұл – бүгінгі заман талабына сай жаңашыл тұрпаттағы мемлекеттік қызметкер. Ол жуырда өткен мемлекеттік қызметшілердің республикалық байқауында іскерлік қабілеті ерек екенін көрсетіп, үздік атанды. Ел басқару да — өнер. Абылай осындай жеке қасиеттерінің арқасында 307 мемлекеттік қызметкердің ішінен іріктеліп шыққан 23 таңдаулының бірі. Республикалық байқауға қатысушылар алдымен, мемлекеттік қызметті дамыту тақырыбында эссе шығарма жазды. Онан соң түрлі ситуациялық мәселелерге қатысты шешім қабылдады. Осы сынақтардан сүрінбей өткен ол «Кадр және құқықтық қамтамасыз ету» номинациясының жүлдегері атанады. Абылай Қалықұл — Ордабасы ауданы әкімі аппаратының бас маманы «Тәуелсіз елдің құрдасымыз. Жаспыз. Ақыл-жастан. Мүмкін сол себепті біздің ойлау қабілетімізде өзгешелік  болғандықтан, комиссия мүшелері тарапынан оң көз болған шығар деп ойлаймын. Оның үстіне әрбір қатысушының тапқырлық деңгейіне өте қатты назар аударылды». Абылай Қалықұл Ордбасы ауданы әкімінің аппаратына 2013 жылы қызметке алынды. Жоғары оқу орнын енді ғана бітіріген жас  бірден  іскерлік қасиетімен танылды. Бұл оның лауазымдық өсуге негіз болады. Қазір әкімдікте бас маман болып қызмет етеді. Азат Оралбаев — Ордабасы ауданы әкімі аппаратының  жетекшісі «Мемлекеттік қызметші ретінде  барлық салаларды қамтып, өзінің заңгер мамандығына лайықты қызмет ете білді. Этикалық талаптарды сақтайды. Берілген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы жасайды». Абылай Қалықұлдың отбасы — мемлекеттік қызметшілер әулеті. Атасы  ұзақ жыл сот саласында еңбек еткен. Бүгінде зейнеткер. Әкесі Алтай да қазір аудандық сотта судья болып еңбек етеді. Алтай Қалықұл — Абылай Қалықұлдың әкесі «Мемлекеттік қызметкер деген ол мемлекеттің тұтқасын, оның алға жылжуын, мемлекеттің заңдылығын, мемлекеттегі тәртіпті сақтайтын қызметкер болуы керек деп түсінемін». Заң-әрбір істің негізі. Сондықтан Абылай қызмет ететін аудан әкімінің құқық бөліміне жүктелетін міндет те ауыр әрі жауапты. Күнделікті атқарылатын жұмысты тиімді ұйымдастыра білу. Оның нәтижелі аяқталуы. Әрбір істің заң шеңберінде болуын қадағалау.   Бұл  үнемі тынымсыз еңбекті, ең бастысы, жаңашыл идеяны қажет етеді. Ширақ қимыл, сергек ой да серік болуы керек.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР