26-04-2024
15.3 C
Шымкент

Ауыл шаруашылығы өркендеп келеді

Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Аграрлық сектор/ экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек!» деген тапсырма бар. Түстік облы сол үдеден шығуға барынша үлес қосуда. Мәселен, елімізде өндірілетін жалпы өнімдерден: мақтаның 100, мақсарының 36, көкөністің 25, ал, жүгерінің 23 пайызы — біздің өңір үлесінде. Оңтүстікте ауыл шарашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан істер келесі бейнематериалда. Өңірімізде  ауыл шаруашылық саласында айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады. Облыс шаруалары өз ісін дамыту үшін бірнеше рет арнайы семинар тренингтер өткізіп, тиісті мамандардан кеңес алды. Соның арқасында бүгінде облыстағы 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары 473 кооперативке біріккен. Статистика – тұрғындардың кооперативтерді құру, мемлекеттік субсидиялау мен жеңілдетілген несиемен қамтылу тиімділігін түсініп отырғанын көрсетеді. Қазір Бәйдібек ауданындағы Домалақ ана кесенесінің маңы тұт ағашына толған.  55 гектар жерде жібек құртын өсіру ісі  қарқын алды. Жалпы, бұл  әлемдегі ең табысты кәсіптің бірі саналады. Оны өсірудің көзін тапса, жібек құртынан жылына 4 рет өнім алуға болады. Жібек өндірісі туралы көшпелі жиында шаруашылықты несиелендірудің маңызы талқыланды. Жаңа кәсіп арқылы байырғы сауда жолын қалыпқа келтіруге болады, — дейді сала мамандары. Оңтүстікқазақстандық шаруалар  «Сыбаға» бағдарламасынан мол шарапат көруде Бір ған Ескі Иқан ауылындағы «Агрокомплекс» өндірістік кооперативінде  100-ден аса ірі қара жемге қойылған.Ауылдағы ағайын мал шаруашылығы арқылы табыс табудан бөлек,  жер қадірін де терең біле түскен.  Биыл облыста 118,8 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі.  Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен Мақтарал ауданында 39,7 мың гектар,  Шардара ауданындағы 20,6 мың гектар жерді тыңайту ісі қолға алынады. Қазір бұл бойынша австралиялық «SMEC International Pty Ltd» фирмасы жобалау жұмыстарын бастап кетті.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР