19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Инвестиция тартылды

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы белгілі Бекжан базары бірлескен кәсіпорын болып, қайта құрылды. Құрылтайшылар ортақ мәмілеге келді. Арнайы келісім-шартқа қол қойды. Енді сауда орны «Шымкент-Дұрдой» деп аталады. Бекжан базары қазір жаңа кейіпте. Күрделі жөндеуден өткен. Барлық заманауи талаптарға сай келеді. Орта Азия бойынша мықты ондыққа кіретін «Дұрдой» қауымдастығының  президенті Асқар Салыбеков пен шымкенттік белгілі кәсіпкер Серік Ұзақбаев арнайы мәміле нәтижесін жария етті. Жергілікті билікпен келісім жасасты. Әсет Әбдірханов — Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы «Қырғыз бизнесмендерімен бірге үлкен сауда орталығы ашылмақ. «Дурдой» — Орта Азия бойынша ең үлкен базар. 25 жылдық тарихы бар. Тәжірибесі өте мол. Мұнда халыққа сапасы жақсы және бағасы тиімді бұйымдар сатылатын болады. Ең бастысы, бізге шетелдік инвестиция тартылды. 3 миллион доллар көлемінде». Айта кету керек,  бизнес өкілдері талапқа сай жабдықталған Бекжан базарын келешекте сатып алу келісімімен он жылға жалға алып отыр. Базар жұмысын одан әрмен жалғастыру үшін үйлестіру шаралары толықтай жүзеге асқан. Қазір қайта құрылған сауда орны халыққа сапалы қызмет көрстеуге сақадай сай дайын. Серік Ұзақбаев – Кәсіпкер «Мақсат — Дурдойдан арзан сапалы тауарылар әкеліп, Шымкентті қамтамасыз етсек деген ойымыз бар. Қырғызстандағы сауда нүктелерін осында әкеліп, үлкен сауда кешенін ашып, халыққа сапалы қызмет жасау. Бұдан бөлек, Түркістанда «Алтын бұлақ» атты «Дұрдой» компаниясы бар. Ол жерде логистикалық орталық құрамыз деген ойымыз бар». Бір құптарлығы, бірлескен кәсіпорын басшылығы кәсіпкерлерден базар бағасын барынша төмендетіп, саудаға сапалы тауарлар әкелуді талап етіп отыр. Ал, әкімдіктегілер билік-бизнес әріптестігінен мол жетістік күтеді. Үшінші мегаполис экономикасы еселеніп, жұмыс орындары толығады деген сенімде.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР