16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Отбасы, ана мен бала құқығы басты назарда

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты  Арыс қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалымен комиссия мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиын барысында отбасы, ана мен баланы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдау, әйел мен балаға деген зорлық-зомбылықты жою, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету, ұрпақ денсаулығын жақсарту және денсаулығын сақтау мәселелері қарастырылды. Отбас ықұндылықтарын сақтау барысында көп көмегі тиетін ұйымдардың бұл алғаш рет ұйымдастырып отырған шарасы емес. Шағын мемлекеттің бар жағдайына алаңдаған аналар кеңесі түйіткілді мәселелердің түйінін тарқату барысында алдын алу шараларын өткізіп тұрады. Бұның өз кезегінде көрсетер көмегі көп.  «Арыс бастауыш мектебінің» директоры, комиссия төрағасының орынбасары Г.Есілбекова, Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Мырзахметова, Арыс қалалық әжелер алқасының төрайымы Ө.Елубаева, «М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының» директоры Р.Абдухаймовалар баяндама жасап, ұсыныс-пікірлер талқыланып, шешімдер қабылданды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР