17-04-2024
16.3 C
Шымкент

Елге қызмет абыройдың үлкені

ОҚО Арыс қаласы  әкімдігінің кіші мәжіліс залында Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру» жобасы аясында «Отанды сүю имандылықтан басталады» тақырыбында психологиялық құқықтық семинар-тренинг өтті. Аталған семинар-тренингке «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің жоба координаторы С.Байзахова, «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің психологы Г.Малғайдарова, ауылдық округі әкімі аппараты және дербес бөлімдердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатысты. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің этикалық және имидждік құзыреттіліктерінің мазмұнын талдау, этиканы мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық мәдениеті, мемлекеттік қызметтің басты салаларының әрекеттерін бағалауды үйретуге, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы саясатын және заңнамасын талдауға, мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру технологияларын айқындауға, мемлекеттік қызметтегі кикілжің мен шиеленістердің алдын-алу мен шешудегі этикаға арналған тақырыптар қаралды. Аталған мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет бойынша өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР