24-04-2024
26.3 C
Шымкент

Ішкі істер органының құрылғанына 25 жыл

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты кенді қала Кентауда  Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Полиция күніне арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты шарада алғы сөзді алған қала әкімі Ә.Мақұлбаев ішкі істер органнының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, арнайы төс белгілер мен алғыс хаттар табыс етті. Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді. Осы орайда құқық қызметкерлері, Отан алдындағы анттарына беріктік танытып, адам құқығын қорғауда табанды еңбек етіп, кәсіби шеберліктерін көрсетіп, патриоттықтың озық үлгісін көрсетіп келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенді жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының бұл күні абыройы асқақтаған күн болды. Оларға ән де арналды, жыр да арналды. Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық дамуының жеткен жетістіктеріне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарғада белсене араласуда.  Алдағы уақытта да қаламыздың өсіп өркендеуі, халық тыныштығын жақсарту бағытында жемісті еңбек етулеріне тілектестік білдіреміз.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР