16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Робототехника жастардың игілігіне жұмыс жасайды

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары үшін енді робототехника әлемін зерттеу қолжетімді. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Robo Park» оқу орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Робототехника» үйірмесінің салтанатты ашылуы өтті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа жолдауының бірінші басымдығында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын атап өткен болатын.
Осыған орай, облыс жастарының ақпараттық мәдениетін дамыту, бағдарламалық және техникалық қабілетін жетілдіре отырып, робототехника әлемін зерттеу және жас жаңашыл өнертапқыштарды қолдау мақсатында «Робототехника» үйірмесі оңтүстік өңірі жастарының игілігіне жұмыс жасамақ. Оған осы салаға қызығатын облыстағы барлық оқушылар қатыса алады. Тек ниет болса болғаны. Бүгінгі күннің өзінде аталған үйірмеге жазылуға қызығушылық танытып отырғандар көп. Олар өздері қызығатын саланың қыр сырын үйренуді басты ұстын етіп отыр. Үйренуге деген талпыныс жоғары оқушылардан бірдеңе шығары анық. Олар әлден ақ ғаламтор желісі арқылы осы саланың күнгейі мен көлеңкесін оқып үйренуде. Ал үйірмеден олардың үйренері көп.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР