06-09-2021
17.3 C
Шымкент

Жастай берген тәрбие – тал шыбықты игендей…

ОҚО Созақ ауданындағы Абай ауылында « Кел, сырласайық…» атты сырласу кеші өтті. А.Иманов атындағы орта мектебінде әйелдер кенесі ұйымдастырған кешке ауылдың ардагер аналары, жас келіндері, жасөспірім қыздар, ұздаздар қатысты. Жиынды мектеп басшысы А.Молжігітова ашып, отбасылық құңдылықтардың маңыздылығына, жас ұрпаққа рухани тәрбие берудегі мектептін рөліне тоқталып өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байдабекова «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында әңгіме жүргізіп, жасөспірім қыздарға өнегелі тәрбие берудін өзекті сұрақтарын қамтыды. Әңгіме барысында мектептегі осы бағыттағы жұмыстар бойынша дайындалған слайд көрсетілді. Өз кезегінде сөз алған ардагер ұстаз, ардақты ана Б.Әженова «Ұлтыңды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле» деп әңгіме бастады. Ұлы ұяда, қызы қияда, көп балалы ана, аяулы әженің айтары мол, ақыл – кенесі сарабдал екен. Парасатты ана көпжылдық ұстаздық ғұмырында түйген ой – пікірлерін, жинаған тәжірибесін әсерлеп жеткізіп, ортаға талай  түйткіл сұрақтарды да тастады. Мектептегі қыздар кенесінің төрайымы  Г. Байділдаева — Қыздарымызға бүгін беріліп жатқан тәрбие — ертеніміздін негізі, іргетасы, оны қалай қалап жатырмыз? Бұл баршамыздан үлкен ыждаһат талап етіп, жауакершілік артады, қыздарымыздың білімді , жан – жақты дамыған тұлға болып өсуіне, олардың болашағы  отбасылық тәрбиеге тікелей қатысты дей келе, қыздар тәрбиесіне орай жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Жиынға қатысып отырған аудандық әйелдер кенесінің төрайымы Г.Биғондиева   — Ұлтымыздың тәлім – тәрбие тамырлары тереңде жатыр. Жастардың отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі отбасыдан басталады.  – деп пікіралысуды жалғастырды. Кешті мектеп басшысы А.Молжігітова қорытындылап, оқу – тәрбие жұмыстарының жемісті болуы қоғамнын қолында, бірлесіп атқарған іс нәтижелі болмақ деді. Шағын ауылдағы толымды  тірліктерге риза болып қайттық.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР