15-09-2021
14.3 C
Шымкент

Отандық өнімнің бәсі жоғары

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бөрте Милка» тауарлы сүт фермасы өңірдегі іргелі өнім шығаратын компаниялардың бірі. «Бөрте Милка» сүт тауарлы фермасы бүгінде қарқынды даму үстінде. Асыл тұқымды «Гольштейн» тұқымының сүтті мол беретіні белгілі. Мұнда бүгінгі күні 272 бас сауын сиыр бар. Фермада күніне 30 литрге дейін сүт сауылады. Алдағы уақытта фермада жылына 6-7 мың литр ағарған алу жоспарланып отыр. Зеңгі баба тұқымының басын көбейту де жоспардың басқы талаптарының бірі. Осы мақсатта жақын арада тағы да 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда. Малдың қоңды болып, сүттің молынан болуы үшін жем-шөп мәселесі де оңтайлы шешілген. Сүт тауарлы ферманың барлық жабдықтары швейцариялық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Бұл ферма жұмысшыларының жұмысын жеңілдетері сөзсіз. Оңтүстік өңірінің экономикасына оң ыпқалын тигізіп,  облыс өнімін дүниежүзілік нарыққа шығаруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бүгінде дүкендердегі сауда қатарларын бермей тұрған ресейлік сүт өнімдерін сауда нүктелерінен ығыстыра бастады. Дәмі тіл үйіретін отандық өнімге деген сұраныс та артып келеді. Әрі өзін патриот санайтын отандастарымыз бүгінде тек отандық өнімді тұтынуға үндеп жүр. Бұл өз кезегінде отандық өндіріс орындарының жұмыс қарқынын үдетіп, өндіріс көлемін арттыруына сеп болары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР