test
10-07-2024
18.3 C
Шымкент

Бірлік бар жерде – тірлік бар

Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында өңіріміздегі 20 этномәдени бірлестік пен олардың аудан, қалалардағы филиалдарының төрағалары бас қосты.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратов жүргізіп отырған жиында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмысты одан әрі жандандыру жайы сөз болды.
Басқосуда облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили мемлекеттік этносаясатты жастар арасында түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта оқу орындарында құрылған «Достық» клубтарымен бірлесе атқаратын жаңа жобаларды іске асыру жайы ортаға салынды.
Ал, облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пактың өңірімізде бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан этностардың тілі, мәдениеті, дәстүрлері күнін бірге өткізу жөніндегі ұсыны жиынға қатысушылардың қолдауына ие болды. Этнос жастарының өңіріміздегі тарихи орындарға саяхатын жалғастыру, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен шет елдермен мәдени-экономикалық байланысты нығайту, қайырымдылық шараларына белсене қатысу жайы да пысықталды.
Айта кету керек, облыстық этномәдени бірлестіктер Елбасының бағдарламалық мақаласын қолдау бағытында бүгінге дейін 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР