16-04-2024
18.3 C
Шымкент

Жұмыссыз азаматтарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды

«2017 жылы ОҚО Төлеби ауданында жалпы жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер жәрменкелерін ұйымдастыру» туралы жоспарға сәйкес, жуырда Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыс берушіге бос жұмыс орындарына үміткерлерді іріктеуге, ал жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындарын табуға көмектесу. Өткізілген жәрмеңке барысында мекемедегі бос жұмыс орындары және еңбек жағдайлары туралы ақпаратты кәсіпорынның өкілімен тікелей сөйлесе отырып алуға мүмкіндік туды. Жәрмеңкеге аудан көлемінде орналасқан 56 мекеме (білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салалары) бойынша жалпы 198 бос жұмыс орындары ұсынылды. Қуантарлығы сол, бүгінгі жәрмеңкеде талай жас маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Енді тек бел шешіп, білек сыбана іске кірісу керек. Жәрмеңкеге шамамен 350-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, жұмыс берушілер мен жұмыссыздар арасында әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 107 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды. Жолданған азаматтардың ішінде әйелдер 74 азамат, жастар 51 азамат және мүмкіндігі шектеулі 3 азаматты құрап отыр. Айта кетейік, мұндай жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР