01-04-2022
5.3 C
Шымкент

«Өрлеу» — отбасының белсенділігін арттыру

ОҚО Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастамасымен Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес 84-қадамда Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыруды көздейтін «Өрлеу» — отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты негізінде табысы аз отбасына шартты акшалай көмек енгізу жөнінде ауыл әкімдерімен мамандарына жиын өткізіліп, түсіндірілді.Бұл жиында Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болатынын мамандар жеткізді. Бұл көмектің түрі әсіресе мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз адамдарға, сонымен қатар отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері 1-ші немесе ІІ-ші топтағы мүгедектер болып табылатын және 2 айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, І-ші немесе ІІ-топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі екен. Осы бағыттағы жұмыстар іске асқан жағдайда аудан көлемінен 133 азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

«Қазығұрт ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР