19-04-2024
14.3 C
Шымкент

Миллион… ел игілігі үшін

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» бастамасымен кәсіпкер Е.Туребеков ОҚО дағы Дарбаза ауылына кіре беріске құны 12 млн.теңге болатын қақпа орнатып, ел игілігіне пайдалануға берді. Бұл бастама өзге ауылдарда да жалғасын табады деп жоспарланып отыр. Аталған қақпаның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов қатысып, ауыл ақсақалдарымен біргелікте қақпаның лентасын қиды. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап сөз сөйлеп бүгінгі күні Дарбаза ауылдық округінде істелініп жатқан шаруаларға тоқталып өтті. Аталмыш елді мекенде осы күнге дейін көгілдір отын мүлдем болмаған еді. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 394 млн. теңге қаржы 2 жыл мерзімге бөлініп берілген. Мердігер мекеме «АқНұр Строй» ЖШС-і елді мекеннің ішкі жүйелерін 70% орындап шықты. Сондай-ақ, елді мекеннің ішкі көшелерін күрделі жөндеу, аяқ жолдар салу жұмыстары бастау алып, аяқ жолдар салынып жатыр. Оған қоса ауылдық округтегі Батыр аналар аллеясы күрделі жөндеуден өтті, ауыл әкімі аппаратының ғимараты мен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл мемлекеттің шалғай жатқан елді мекендерді дамыту мақсатында қолға алынған жобаларының бірі. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын медициналық көріктен өткізуге облыстан, ауданнан арнайы мамандар шақырылып, халықтың денсаулығын тексеріп, қажетті кеңестерін беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР