15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Медицина орталығы ашылды

ОҚО Шардара қаласында «Аружан» медициналық орталығы салтанатты түрде ашылып, жұмысын бастады. Медициналық орталықты іске қосып отырған белгілі дәрігер Әзірет Ерназаров.Жаңа орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйледі. — Бүгін бір жақсы жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында ауданымыза медициналық орталық ашылуда. Халықтың игілігіне қызмет жасай берсін дейміз. Бізде мемлекеттік-жекеменшік санаттағы балабақшалар қатары көп. Ал, бүгінгі медициналық орталық жекеміншік үлігде тұңғыш мәрте ашылып отыр. Құтты болсын айтамын, — деді Бауыржан Қуанышбайұлы. Ауыл ақсақалы Ятай Мейірбеков ақ бата берді. Қонақтар жаңа орталықтың іші-сыртын аралап, мұндағы жұмыс барысымен танысты.   Мұнда амбулаториялық хирургия, травматология, кардиология, терапия, неврология, урология, дерматовенерология және гинекология салалары бойынша кеңестер беріліп, ем жасалынады екен. Жоғары санаттағы медибкелер процедуралық кабинетте дәрігердің тағайындауы бойынша бұлшық етке және көктамырларға дәрі жібереді.Сонымен қатар балшықпен емдеу, лазерлік ем, хиджама, фитобөшке, массаж жасау, теплондық әдістермен де келушілерге қызмет көрсетілмек. Жұмыс процестерімен таныстырған Әзірет Ерназаров: Бұл орталықта медицинаның 15 түрі бойынша қызмет көрсетеміз деп отырмыз. 8 дәрігерлік мамандық бойынша кеңес береміз. 150-ге тарта күрделі зертханалық зерттеулерді жүзеге асырамыз.  Жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар мен диагностиканың инновациялық тәсілдері арқасында, біз көзге көрініп тұрған дерттерді анықтап және емдеп қана қоймай, жасырын қауіп-қатерді де біліп отыратын боламыз, — деді. Әзірет Еназаровтың есімі жұртшылыққа кішкентай балаларды лазерлік тәсілмен сүндетке отырғызатын шеберлігімен де жақсы таныс. Осы күні 100-ге тарта балақайлар тегін сүндетке отырғызылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР