ОҚО Мақтарал ауданандағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында «Есен» шаруа қожалығының демеушілігімен ауылдың іргесіне қақпа тұрғызылып жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. M-39 «Ташкент-Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің бойында орналасқан елді мекенде ауыл тұрғындарының қатысуымен қақпаның ресми ашылу салтанаты болып өтті. «Әкеміз Есен жас кезінде таршылықты көп көріп өсіпті. Кейіннен өзі туып-өскен ауылдың адамдары көмектесіп, аяғына тік тұрған. 11 жыл бұрын өмірден өткен әкемнің жалғыз арманы, аманаты — өзінің ауылының көркейюі үшін осындай бір қақпа тұрғызып беру болатын. Әкеміздің жасап үлгере алмаған арманын біз орындадық» — дейді кәсіпкер Қанат Есенұлы. Өргебастықтардың қуанышында шек жоқ. Кіреберіске орнатылған қақпа ауылдың сәнін келтіріп тұр. Сондай-ақ, билборд тақтайшаларына жазылған даналық мақал-мәтелдер ауыл жастарының тәрбиесіне үлкен септігін тигізіп, олардың туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырары сөзсіз. Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келетін кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек» — деген болатын. Елбасымыздың дәл осы сөзін басшылыққа алған кәсіпкер туған жеріне осындай тарту жасады. Қанат Есенұлы тұрғызған қақпада ҚР-ның туы, шаңырақ, Мақтарал ауданының логотипы бейнеленген, сондай-ақ қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген. Кәсіпкердің тартуы мұнымен тоқтамақ емес. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың портреті бейнеленіп, рухани жаңғыруға байланысты даналық сөздері жазылған үлкен билбордты жуық арада орнатпақшы және көшенің бойына 500 түп тал отырғызу жоспары да бар.