16-04-2024
17.3 C
Шымкент

Отбасы күні дәріптелді

8-ші қыркүйек — халықаралық отбасы күні. Осыған орай Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында «Халықтық дәстүр – қалыптылық белгісі» атты фестиваль болып өтті. Оған облысыздағы 20 этномәдени орталықтың мүшелері қатысып, 7 номинация бойынша үздік отбасыны анықтады.

Әкеге қарап, ұл, анаға қарап, қашанда қыз өскен. Бұл байқауда ғасырлық ғұрпы, жылдық желісі үзілмеген салттар насихатталды. «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар» екені айтылды. Бұл – бір қазақ халқына ғана емес, өзге ұлт өкілдеріне де тән, тұрмыс-тіршілігіне сіңген қасиет делінді. Байқауды ұйымдастырған Қазақстан Халқы ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі 20 этномәдени орталық намысын қорғап келген өзбек, түрік, қазақ отбасыларында сақталған құндылықтарды екшеді.    Шара барысында аудан-қалалардан 20-ға жуық отбасы қатысты. Ерлі-зайыптылардың орта жасы 20 мен 30 төңірегінде болды. Олар қазақ халқының салт-дәстүрі, биі, шешендік өнерінен 7 номинация бойынша жарысқа түсті.  Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта және белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы болып келеді. Отбасылық құндылықты сақтай отырып, ұрпақтар жалғасын тәрбиелеуде аталған шара өз септігін тигізері анық.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір отбасының тарихы, бұл – Қазақстан тұрмысының үлкен энциклопедиясы», — деген. Қазақ мемлекет бірлігі жарасқан мерейлі отбасылырымен берік. Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат осы еді. Отбасы құндылығын сақтау, ұлт бірлігін ұлықтау, Елбасы мақаласын қолдау. Ал, фестиваль қорытындысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                             

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР