20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Нарықта сұранысқа ие

Түркістан қаласындағы «Яссы құс» фермасы биыл екінші кезеңін іске қосып өнім көлемін арттырды. Енді құс фермасы жылына 10 млн. дана жұмыртқа өндірмек. Оранғай ауылындағы Әріпжан Сыздықовтың «Яссы құс» шаруа қожалығы соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Мұнда негізінен тауық еті мен жұмыртқа өндірледі. Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылып, 12 мың бас етті бағыттағы және 22 мың бас жұмыртқа бағыттағы тауық өсірілуде. 2016 жылы жалпы 4,4 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, қала бойынша өндірілетін жұмыртқаның 30,4 пайызын құраған. Ал жобаның екінші кезеңі осы жылы іске қосылды. Жобаның құны 312 млн теңгені құрап, қосымша 22 мың жұмыртқа бағыттағы тауық өсіріліп, жыл соңына дейін 90 тонна тауық еті және 10,8 млн. дана жұмыртқа өндірілмек. Негізінен, тауық еті мен жұмыртқа өндіруді көздеген кәсіпкер алғашқы қадамының сәтті басталып отырғанын айтып отыр. Өйткені, өндірілген жұмыртқа мен тауық еті бүгінгі таңда жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие болып үлгерген

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР