24-04-2024
22.3 C
Шымкент

Жүзім шаруашылығы қарқынды дамуда

Оңтүстік Қазақстан облысы жүзім шаруашылығы үшін бейімді аймақ. Мұнда жылына 300 тәулік бойы күн шуақты болады. Осы себепті оңтүстік өңірінде пісіп жетілген жеміс-жидектің дәмі тіл үйіреді.  Дәл қәзір саудаға шығарылған жергілікті жүзім өнімдерінің ішінде «қызғылт тайфи» жүзім тұқымы басымдыққа ие болып тұр. Дей тұрғанмен, облыста алуан түрлі жүзім тұқымдары баптап өсіріледі. Мәселен, Қазығұрт ауданындағы «Амангелді» ЖШС жүзімнің тоғыз түрін өсіреді. Оның ішінде «қызғылт тайфи», «ақ мейіз», «қара мейіз», «хусейни», «ризомат», «кардинал», «саперави» сынды сорттар бар. Шаруашылықтағы жүзім алқабы 120 гектарды құрайды, келешекте оны тағы 100 гектарға дейін ұлғайту көзделуде.
Сайрам ауданындағы «Алмаз» шаруа қожалығы 20 гектар алқапта «қызғылт тайфи» жүзім тұқымын өсірсе, Сарыағаш ауданындағы «Шыңғыс төрелер» ЖШС 25 гектар алқапта шарап өндірісіне қажетті «ркатицелли» жүзім тұқымы мен «тайфи» жүзім сортын өсіреді. Осы аудандағы «Сарыағаш жер сыйы» тұқымбағы жүзімнің 25 тұқымын өсіріп-баптауда. Олардың қатарында «мерло», «изабелла», «күлгін түсті мускат», «молдова», «жүзім ханшайымы», «қара джанжал», «нимранг», «жеңіс», т.б. жүзім тұқымдары бар. Осы және өзге де шаруашылықтардан алынған өнім өңірдің ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға да оң әсерін тигізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР