18-04-2024
14.3 C
Шымкент

Көп қабатты үйлер жаңғыртылуда

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша Кентау қаласындағы 35 көп қабатты тұрғын үйлерге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқы құрылыс жұмыстары басталған 15 көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыстары бүгінде 70 пайызға аяқталды. Қалған 20 үйдің қаражаттары облыстық бюджетті нақтылау кезінде қайта қаралып бөлінді. Аталмыш үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары 2017 жылдың қыркүйегінде басталып, жүргізілуде. Онда көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен қас беттері, жер төлелері мен кіреберістегі есік терезелері толықтай ауыстырылып жаңа кейіпке енуде. Аталған жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының келісімдерімен жүзеге асып отыр. Бүгінде қалалық әкімдіктегі салалық бөлімдердің мамандары Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту тетігі бойынша 2018 жылы  күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған 44 көпқабатты тұрғын үйлер тізімін анықтап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Қазіргі таңда 44 көпқабатты тұрғын үйдің арасындағы 20 көпқабатты үйге жергілікті бюджет есебінен техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Естеріңізге салайық, Кентау қаласындағы көп қабатты үйлердің барлығы жергілікті әділет басқармасында кондоминум бойынша 100 пайыз тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР