25-04-2024
20.3 C
Шымкент

Кәсіп бастаймын десеңіз…

Биыл құрылғанына 15 жыл толған ОҚО-дағы «Сарыағаш несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз кәсібін дөңгелетуге ынталы жергілікті азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіп,  аймақта шағын және орта кәсiпкерлiк пен ауыл шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Серіктестіктегі жауапты мамандардың айтуынша, бүгінде ұйымның несие портфелі 3 млрд. теңгеге жеткен. Өткен жылы аталған қаржы ұйымы 1 млрд. теңге несие үлестiрсе, биыл 800 млн. теңгені лайықты жоба ұсынған  шаруалар мен кәсіпкерлерге бөлдi. Осы жылы қаржы институтының басшылығы шаруаларға ең төменгі 6 пайызбен мемлекеттiк «Кең дала» бағдарламасымен 5 млн. теңгеге жуық, «Iскер» бағдарламасымен 20  млн. теңге несие ұсынды.  Мал шаруашылығымен нәтижелі айналысатын жергілікті сарыағаштық 16 кәсiпкерге 95 млн.-ға жуық қаржы табыстады.  «Бiрлiк» бағдарламасы аясында 44 шаруаға 329 млн. ал, жылыжай салуға ниеттi 41 тұрғынға 380 млн. теңге, бау-бақша дақылдарын өсiретін шаруа қожалықтарына 15 млн. теңге несие берді. Қазіргі таңда несие алушылар өздерінің тұрмыстарын түзеумен қатар, несиелерін қайтарып, тапқан табыстарынан аудан бюджетіне қомақты салық төлеп келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР