16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Отанды қорғау- парыз

Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Біздің де сонау дәуірлерден бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы.  Оңтүстік Қазақстан облысы  Арыс қаласы әкімдігінің жанынан құрылған әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 Жарлығына сәйкес жастарды 2017 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жəне дәрігерлік сараптамадан өткізу жұмыстарын бастады. Шақыру комиссиясының басты мақсаты жастардың денсаулық жағдайын, олардың ішінде емделуге мұқтаждарын анықтап уақытылы тереңдетілген тексеруге жіберіп, емдеу мекемелерінде емделуін қадағалау және әскери қызметке, Отанды қорғауға дайындау болып табылады.  Отанды сүюмен патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет — бәрі қатарлас ұғымдар. «Отан үшін басымды иемін» деген құр сөзбен іс бітпейді. Отанымызға кір келтірмей, кетігіне кірпіш болып қаланып, абыроймен қорғасақ өнегелі іс тындырарымыз хақ.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР