20-04-2024
24.3 C
Шымкент

ОҚО-да асфальт және битум шығаратын зауыты іске қосылады

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «ДезФумекс» ЖШС-нің асфальт және битум шығаратын зауыты іске қосылады. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан бұл жобаның құны 120 млн теңгені құрайды. Зауыт  өндірістік жоспары бойынша жылына 10 тонна битум, ірі түйірлі асфальттан 8 мың тонна, майда түйірлі асфальттан 22 мың тонна, жалпы алғанда жылына 40 мың тонна асфальт және битум шығаруды көздеп отыр. Жаңа жобаның жүзеге асуы отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және дағдарыс кезінде еліміздің экономикалық тұрақтылықта болуына септігін тигізеді. Кәсіпорын жұмысын бастаған кезде мұнда 20-дан астам азамат жұмыспен қамтылатын болады. Өндірістің иесі, жергілікті кәсіпкер Жалшыбек Шүменов облыстағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен бизнес-жоспарын әзірлеп, қолдануға дайын асфальт шығаруға бағытталған зауытты салып отыр.  Шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамып келетін оңтүстікте индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, осы жылы құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР