20-04-2024
13.3 C
Шымкент

Күн тәртібінде — абаттандыру мәселесі

ОҚО Отырар ауданында өткен қоғамдық кеңестің отырысында Шәуілдір елді мекенінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары талқыланды. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов атқарылып жатқан жұмыстар жайын кеңес мүшелеріне баяндады.  Бөлімі басшысы орынбасарының айтуынша, аудан орталығын абаттандыру үшін  Жібек жолы даңғылы бойына 2730 шаршы метр аяқжолдар және автотұрақтар, арнайы алаңшалар салынуда. Ал мұндағы жасыл желектерді суғару үшін суландыру жүйесі тартылыпты.  Бүгінде 26 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылуда. Сондай-ақ, 1 субұрқақ, 16 дана кіші архитектуралық мүсін мен 4 ротонда бой көтермек. Ең бастысы жақын арада Шәуілдірде 7 өткел мен 1 ойын алаңшасы пайдалануға берілмек. Игерусіз жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылған іс-шаралар туралы аудандық жер қатынастары және ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық кеңес мүшелері алдында хабарлама жасап, бүгінгі жағдайды жеткізді. Кеңесте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Отырар аудандық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Дайрабаев аса қауіпті карантиндік зиянкес өсімдіктермен күрес барысын баяндады. Баяндамашы өз сөзінде сарышырмауық өскен 110 гектар алқапқа карантиндік шектеулер қойылғандығын айтып, карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырды. Жиын соңында аудандық кеңес кеңес мүшелері баяндамшыларға нақтылы сұрақтар беріп, жұмыс сапасын барынша жақсарту туралы ұсыныстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР