20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Кәсіпкерлік жан-жақты талқыланды

ОҚО Арыс қаласының Ақдала, Дермене, Жиделі, Байырқұм ауылдық округтерінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламаларды халық арасында кеңінен насихаттап, тиянақты түсіндіру мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Қала әкімдігіндегі салалық бөлімдер мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының және жұмыспен қамту орталығының жауапты қызметкерлері бағдарламаларда көрсетілген негізгі басымдықтар жайында қарапайым тілде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауыл халқының сауалдарына жауап берді. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген жеңілдіктерді ұтымды пайдаланып, кәсібін ашуға ынталы азаматтарға билік тарапынан қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді.  Жаңа кәсіпті тегін оқып-үйреніп, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға шақырды. Шағын неие алып, тұрмысын түзеймін дейтін азаматтарға кәсіпкерліктің негізі тегін оқытылатынын хабарлады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жалғасы іспетті жаңа бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» сынды бағыттарын тиянақты түсіндірді.  Осы мақсатта биылғы жылдың өзінде 11 мыңнан астам адам кәсіби оқуға жіберілетінін және одан бөлек, бағдарлама аясында берілетін шағын несие көлемінің 3 млн.теңгеден 16 млн. теңгеге дейін ұлғайғанын айтты. Бұл өзгерістер қарапайым халықтың табысын арттыруға үлкен септігін тигізетініне тоқталып, биыл республикалық бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР