20-04-2024
26.3 C
Шымкент

Ауылшаруашылығы күні аталып өтті

ОҚО Отырар ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы саласының алар орыны ерекше. Нарықтық қатынас өмірге әкелген ауыл шаруашылық құрылымдарын дамыту бүгінгі заман талабы. Әр өңірдің диқандары ауыл шаруашылық өнімдерін ору, жинау науқанын өздерінше атау беріп, үлкен мереке етіп өткізетіні белгілі. Ауданымымызда осы қалыптасқан дәстүрге сәйкес «Қызыл керуен» атты ауыл шаруашылық саласы өкілдерінің кәсіби мерекесі өтті. Мерекелік шараны аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әбдіғали Жүнісов ашып, диқандар мен шаруаларды биылғы табыстарымен құттықтап, жылдан-жылға егіс пен өнім көлемі артып келе жатқан ауданымыздың еңбеккерлеріне толағай табыстар тіледі.
Аудан шаруалары өткен жылмен салыстырғанда 3000 мың гектарға өнім көлемін арттырып, жүгері дақылын 8 мың 500 гектарға жетізіп отыр. Бұл межені алдағы уақыттарда еселей түсу жоспарлануда.
Ерте көктемнен бастап ала жаздай еңбектеніп еккен өнімдерін бұрын жүгері зауыттары жоқ кезінде аудан диқандары қайда өткізерін білмей қиындықтарға тап болатын. Осы мәселені ескерген өңір басшылығы 2015 жылы ауданымыздан арнайы индистуриалды аймақ ашты. Осы жаңадан ашылыған аймақта жүгері кептіру, сақтау зауыттары бой көтерді. Бүгін Талапты, Қоғам, Шілік, Қарғалы және Ақтөбе ауыл округтерінің диқандары өз өнімдерін осы зауыттарға өткізді.
Биыл жүгеріден мол өнім аламыз деп жоспарлап отырған ауыл шаруалары өз кезегінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сай қабылданған бағдарламалардың арқасында дер кезінде жеңілдетілген несие, тыңайтқыш, жанар-жағармайға қол жеткізгендеріне шексіз ризашылықтарын білдіруде.
Жиын соңында шаруалар атынан сөз алған «Мәделі» шаруа қожалығының төрағасы, Еңбек ардагері Қаненов Суннатулла ақсақал ауданымыздағы жүгері қабылдайтын зауыттың жұмысына ризашылығын білдіріп, шаруаларды күзгі мерекемен құттықтап, ақ батасын берді.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР