03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Мәңгілік ел құндылықтарына арналды

Білім мен тәрбие мемлекеттік саясаттың басты тұғырларының бірі. Осы ретте, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 89-қадамында «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеп, жүзеге асыруды тапсырды. Бұл жеткіншектерді ұлтжандылыққа баулу үшін аса маңызды қадам. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ — Мәңгілік ел идеясын ұрпақ санасына сіңіруді көздейді.
Осы орайда, бүгін Ордабасы ауданында «Ұлттық тәрбие — мәңгілік елдің негізі» деп аталған кітаптың лентасы қиылды. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов кітапты жинақтап, басылуына себепші болған ардагер ұстаз, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызына алғысын жеткізді. Сонымен қатар, бұл басқосудың ұлттық тәрбиемізді ұлықтап, болашақтың іргетасын бекітетін жиынға балады.  Жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғани Қарабеков, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Замира Маханова, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сағымбеков сөз алып, ұлт тәрбиесі мен білімін жетілдіруде аталмыш кітаптың, ондағы ұлағатты ойлардың, салмақты сөздердің пайдасы мол екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР