02-09-2021
23.3 C
Шымкент

Әр тұрғынның өтініші — бір мәселе

ОҚО Ордабасы ауданының әкімі Рашид Үсіпханұлы алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады.  Қажымұқандық зейнеткер Рақышбай Битуғанов Арыс өзенінің жағалауын көркейтумен қатар, Бөген ауылындағы игерілмей жатқан егістік жерлердің мәселесін, аудан орталығындағы арналарға жолаяқ көпір орнату мәселесін көтерді. Ал, Көктөбе ауылынан келген қария Әмір Сәдібекұлы Н.Нысанбайұлы атындағы мектептің жұмысын жүйелеуге қатысты ұсыныстарын айтты. Темірлан ауылының тұрғыны, ІІ топтың мүгедегі Назипа Әлиханова ұлын жұмысқа орналастыруға жәрдем сұраса, төрткүлдік шаруа Жолдыбай Құлтай жайылымдық жерге қатысты өтінішін жеткізді. Аудан басшысы қабылдау барысында айтылған ұсыныс-тілектердің назарға алынатынын айтып, тиісті сала басшыларына тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауды тапсырды.
— Әр азаматқа өтінішінің Заңдылығын түсіндіріңіздер. Ұсыныстарына назар аударып, Заң аясында жүзеге асырыңыздар. Біз — мемлекеттік қызметкерміз, яғни, халыққа қызмет етушіміз. Осыны естеріңізден шығармауға кеңес беремін!, — деп, Рашид Үсіпханұлы тапсырмасын нақтылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР