ОҚО Созақ ауданының әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы аудан тізгінін қолға алып жұмыс атқарғанына 100 күн толуына орай аудандық қоғамдық кеңес мүшелерін, ардагерлер кеңестерінің төрағаларын шақырып, алқалы басқосу өткізді. Жиында аудан басшысы аудан экономикасы, бюджетті туралы қысқаша слайд арқылы мәлімдеме жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ауданды көркейту, абаттандыру мақсатында салынатын құрылыс жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ, 2018 жылы ауданымыздың тоқсан жылдық торқалы тойын дүркіретіп атап өту мақсатында атқарылатын іс- шаралар бойынша жиынға қатысушылармен пікір алмасып, ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын тыңдады. Ия, сөз жоқ ауданымыздың тоқсанжылдығы қарсаңында қарқынды жұмыстар атқарылатынына көз жеткіздік.
Алла нәсіп етсе аудан орталығында бірнеше заманауй үлгіде сәулетті әлеуметтік нысандар, екі саябақ бой көтермек. Ауданымызға кіре берістегі аркалардың дизайндары жаңаша үлгіде қайта жасалып, көше бойлары аббаттандырылып, инфрақұрылым, жаңа шағынаудан жобасы қолға алынбақ. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер кеңестерінің төрағалары өз тараптарынан ұтымды ұсыныстарын білдіріп, орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, алқалы-кеңес жиынына қатысушалар аудан басшысының жұмыс жоспарына ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік, ізгі- ниет тілектерін айтты. Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Байғараев, қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Еспенбет, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, БАҚ өкілдері қатысып отырды.
Нұржамал МАЙУСОВА