18-04-2024
22.3 C
Шымкент

Жеті айда атқарылған жұмыс көп

ОҚО Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында биылғы 7 айда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Биылғы жыл басында аудандық бюджет 14,8 млрд. теңге болып бекітілсе, жыл ішінде 2,6 млрд. қаржыға ұлғайып, 17,4 млрд. құраған. Жалпы, өткен жылдың бюджетімен салыстырғанда қазына 17 пайызға артқан.
Жергілікті кірістер 623,8 млн. теңгеге ұлғайтылып, 2016 жылмен салыстырғанда 69 пайызға көбейген. Есепті кезеңде жергілікті түсімдер жоспары 162,6 пайызға орындалып, нақты түсім 853,2 млн. теңгеге артқан.
Р.Қайыпжановтың хабарлауынша, 7 айда ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгені құраса, «Сыбаға», Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында 7 559 мал басы сатып алынып, 282 жанұялық мал бордақылау алаңы, 57 шағын сүт фермалары іске қосылған.   Аудан басшысының есепті баяндамасынан кейін мәслихат депутаты Замира Маханова ұстаздардың жайын қозғап, біліктілігін арттыру үшін оқып жүрген мұғалімдердің жалақысын сақтау туралы ұсынысын айтты. Сондай-ақ, өзге де халық қалаулылары Шұбарсу ауылындағы жекенің қолындағы ауызсу мен электр жүйесін мемлекет меншігіне қайтару, Көктөбе елді мекеніне клуб салу, Бадам ауылының көшесін жарықтандыру жайын көтерді.
Аудан басшысы барлық ұсыныс-тілектердің маңыздылығына тоқталып, алдағы жоба-жоспарлар туралы кеңінен айтты. Өз кезегінде мәслихат депутаттары ауданда атқарылған жұмыстарды оң бағалады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР