15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Кредиттік серіктестер тәжірибе алмасты

ОҚО орталығы Шымкентте «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» атты еліміздегі кредиттік серіктестіктердің халықаралық І форумы өтті. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады. Шараны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Халықаралық форумға кредиттік серіктестіктер, «ҚазАгро» Холдингі, «Атамекен» ҰКП мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форум жұмысын ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Шарада кредиттік серіктестіктердің даму стратегиясы, оларға жасалатын мүмкіндіктер туралы сөз болып, осы бағытта жұмыс жасап жатқан Ресей және Литвадағы кредиттік кооперация институттарының тәжірибесімен танысты.
Форум барысында «Аграрлық-өнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Литваның кредиттік одақтар қауымдастығы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылып, үздік кредиттік серіктестік өкілдері арнайы дипломдармен марапатталды.
Бүгінде елімізде 15600 қатысушысы бар 187 серіктестік әрекет етеді. Осы уақытқа дейін несие серіктестіктері арқылы шаруаларға 241 млрд. теңгенің 40 мыңнан астам займы берілген

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР