20-04-2024
22.3 C
Шымкент

85 жоба жүзеге асуда

ОҚО Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда мұнда құны 21,4 млрд. теңге болатын 46 жоба іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр. «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларының жалпы өнім көлемі өткен жылы 18,2 млрд. теңгені құрады. Ал 2010 жылдан бері аймақтағы кәсіпорындар 85,9 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылында іске қосылған өндіріс орындарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 176 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы аумағы 959 гектар жерді алып жатқан 11 индустриялды аймақта 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады деп күтілуде. Облыстағы осы индустриялды аймақтарға қажетті инфрақұрылым тарту үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір ғана мысал 2010 жылдың бірінші тоқсанында осы аймақтарға салынған кәсіпорындар 6,8 миллиард теңге салық төлеген. Яғни мемлекет салынған қаржының 50 пайызын қайтарып үлгерген. Оған қоса жұмыс берушілердің төлеп отырған айлық-жалақысы бар,көлік және ғимарат салығы осының бәрі кіріс көзі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР