03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Мәңгілік елдің -мәңгілік тілі

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты облыстық тіл айлығы жалғасуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында отырарлық өнерпаздар мен тіл жанашырларының қатысуымен аудан орталығы Шәуілдір елді мекенінде «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін өркендетуге үлес қосқан бір топ азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, жиын қатысушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылап, ұлттық бірегейлікті сақтау, үш тілде білім беру, ұлттық қод және қазақ тілін латын графикасына көшіру сынды байыпты бастамаларын қолдайтынын жеткізді.  Жиын соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымақтастығын көрсететін ән мен би ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР