05-05-2022
24.3 C
Шымкент

Тәулігіне 50 мың дана газ плитасын шығарады

Оңтүстік тегі «Бадам» индустриялды аймағында жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы өндіріс орны ашылды. Жобаның құны – 102 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылған. Жаңа кәсіпорынның жұмысын оң бағалаған облыс әкімі жергілікті билік тарапынан көрсетіліп отырған көмектердің тиімділігіне тоқталды. «Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Күні кеше ғана Елбасымыз Н. Назарбаев Ташкентке ресми сапармен барып, бірқатар жаңа келісімдерге қол жеткізді. Көрші елдің үш облысымен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойдық. Жылы қарым-қатынастың алғашқы жетістіктері де көріне бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жаңа серпін беретін индустриалды-инновациялық жобаларға қаржы салушы инвесторларды қашанда қолдауға әзірміз. Ең бастысы – ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие, өнім өндіретін кәсіпорындардың қатарын көбейтуіміз керек. Бүгінгі біз аралап көрген кәсіпорынның өнімдеріне ішкі және сыртқы нарықтан да сұраныс мол болатынына сенімдімін» , — деді Жансейіт Түймебаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР