20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Даму қарқыны жоғары

ОҚО Бәйдібек ауданының биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сараланды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Биылғы 8 айда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1824,3 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 101,9 пайызды, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 9 млрд. 936 млн. теңгені көрсетіп, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,3 пайызды құраған. Өңірдегі қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы 63 жобаға 210 млн. теңге несие тартылған. Боралдай ауылдық округінде қарасты «Ер-Нұр» корпорациясы тамшылатып суғару технология бойынша 90 гектарға қарқынды жеміс бауы мен 10 гектарға жүзім отырғызу жұмыстары қолға алған.
Бүгінге дейін аудандағы Алғабас ауылдық округінде – 4, Боралдай ауылдық округінде – 4, Ағыбет ауылдық округінде – 3, Шаян ауылдық округінде – 2, Бөген ауылдық округінде – 2, Жамбыл ауылдық округінде – 2, Мыңбұлақ ауылдық округінде – 1, Борлысай ауылдық округінде – 1, жалпы – 19 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған.
Білім мекемелеріне жергілікті бюджет есебінен 19,5 млн. қаржы қаралып, мектептер ағымдағы жөндеуден өткен.
Бүгінде ауданда 1350 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Жергілікті бюджет есебінен 338 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 670 азаматқа тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдама берілген.
Ал, мемлекеттік бағдарлама аясында Шаян елді мекенінде салынып жатқан бір пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы келер жылы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 165,9 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР