16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

ОҚО Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов аудандық ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесті. Жиында аудан басшысы теріскейдің бүгінгі жағдайы оның ішінде ауданның даму қарқыны мен салалардағы көрсеткіштер туралы айтып, алдағы кезде іске асатын негізгі жоспарлармен таныстырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан басшысы аудан орталығын абаттандыру бағытында қолға алынатын сәулеттік жобаларға тоқталып, Шолаққорғанда бой көтеретін жаңа нысандар мен салынатын жаңа саябақтар туралы айтты. Ауданға кіретін қақпаның заман талабына сай қайта жаңғыртылатынын жеткізді. Көше бойындағы қоғамдық тәртіп пен тазалыққа ерекше басымдық берілетінін хабарлады.
Сондай-ақ, келер жылы Созақ ауданының тоқсан жылдық торқалы тойын атап өту мақсатында атқарылатын іс-шаралар жайында басқосуға келген кеңес мүшелерімен кеңесті. Ардақты ардагерлердің ұсыныстарын тыңдап, кеңес мүшелерінің сауалдарына тиянақты жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР