03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Өзекті мәселелер сөз болды

ОҚО Отырар ауданы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды.
Жиынның күн тәртібінде аса жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидепмияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуы мен Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Рысқұлов баяндама жасап, аса жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу жұмыстарының барысына тоқталды. Ал, Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады.
Жиында баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан басшысы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді жеке қадағалауға алып, орындауды тиісті сала орынбасары мен сала басшыларына тапсырды. Күн тәртібіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының барысын аудандағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында апта сайын қарап, қорытындысын баяндап отыруды тапсырды.
Мұнан бөлек жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл округі әкімдері және мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері жауапты екенін ескертті. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының қажеттілігіне байланысты қатты отынмен алдын ала қамтылу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және орындалу барысын бақылауға алуды тиісті сала орынбасары мен ауыл округтері әкімдеріне міндеттеді.
Жиын соңында аудан әкімі Ерлан Айтаханов барлық ауыл округінің әкімдері мен бөлім басшыларына тоғыз айдың қорытындысы бойынша белгіленген межені орындауды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР