15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Фабрика өнімдері Италияға жіберіледі

Оңтүстік Қазақстандағы «Шымкент-Кашемир» фабрикасы меринос қойдың жүнінен топс өндіреді. Ал топстан жіп иіріледі. Фабрикамен өндірілген топс топтамасы Италияға жіберіледі. Жапония мен Израйль де қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын теңіз бетіндегі мұнайды сорып алатын киіз өндіреді. «Қытай Мұнай Компаниясы» тапсырыспен киіздің осы түрін алады. Алдағы уақытта қазақ киіз үйінің киізін де өндірмек. Түйе жүнінен көрпе, көрпеше, жамылғылар мен матрастар да осы фабрикада шығарылса, трикотаждан әйелдерге арналған пальто, жемпір, кеудеше, балаларға аяқ киім тігіледі. Мұндағы қызметкерлер Қытай мен Италия еліне барып, білімін жетілдіріп отырады. «Шымкент Кашемир» ЖШС-і өңдеген түйе жүнінен жасалған отандық өнімнің сапасы талапқа сай келеді. Тігетін көрпелерге тек табиғи шикізат – меринос қойдың жүні мен түйенің түбіті салынады. Жамылғылар, сонымен қатар матрастың ішіне де түбіттер салып шығаруда. Айта кету керек, сапасы жоғары, мінсіз тігілген көрпелер «Қазақтың ұлттық көрпесі мынадай!» деп мақтана көрсетуге лайықты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР