24-04-2024
18.3 C
Шымкент

Өндіріс көлемін екі есеге арттырды

ОҚО Шымкенттегі құрылыс цехы жылына 4 мың тоннадан астам өнім өндіріп келеді. Кәсіпорында түрлі құбырлар, профильдер, металл тақтайшалар мен шатырлар шығарады.Шымкенттің бұдан басқа да құрылыс заттары ел аумағында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдараламасы аясында жобаларды сәтті жүзеге асырып жүргендер сапынан «Юг Пром Сталь» кәсіпорны да табылып отыр. Мекеменің 2,5 гектар аумағында өндіріс цехы мен қойма бөлмелері жайғасқан. Жыл сайын мұнда 4 мың тонна өнім өндіреді. Мұнда құбырлар мен өзге де құрылыс заттары тек қазақстандық жоғары сапалы шикізаттан өндіріледі. Ал болат орауыш-шарғылардың 90 пайызын Қарағандыдан тапсырыспен алдырып келеді. Арнайы өндіру-қондырғылары өнімді кесіп қана қоймайды, оның сапасын қамтамасыз етеді. Қызметті қадағалау цех операторы Сұлтан Смандиярға жүктелген. 25 жастағы маман қондырғының бар қабілетін пайданала отырып, дайын дүниеге қол жеткізеді. Кесілген штрипс-тілмелерді құбырдың сызықтарының өңдеуіне береді. Мұнда оған дөңгелек немесе шаршы пішіндер жасалады. Кәсіпорынның ұсынымында қазір құбырдың 30-дан астам түрлері бар. «Юг Пром Сталь» бүгінде 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын басшылығының сөзіне сенсек, мекеме өндіріс көлемін арттырып, өнім көлемін 2 есеге көбейтуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР