20-04-2024
22.3 C
Шымкент

Сүт өңдейтін цехтар алдыңғы қатарда

ОҚО Сайрам ауданында ет өндірумен қатар сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Ал аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби ауданының Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер» ЖШС-і күнделікті тұрғындардың сүт өнімдерін қабылдайды. Мәселен, Қарасу ауылындағы «Сайрам сүт» серіктестігінде тәулігіне 20 тонна, «Балғын сүт» ЖШС-гі күніне бес тонна сүт өңделеді. Сондай-ақ, Қарамұрт ауылындағы «Озай Зеки» кәсіпорнында тәулігіне 6 тонна, Ақбұлақ ауылындағы «ШИШ К» ЖШС-де алты тонна, ал Манкент ауылында «Рассвет» өндірістік кооперативі тәулігіне 5,4 тонна, Көлкент ауылындағы жеке кәсіпкер З.Райымкулов күніне 6 тонна сүт өңдеп келеді. Жалпы Сайрам ауданының шаруа қожалықтары 120 мың тоннадан астам сүт шығаруда. Оның 5-7 пайызы қаймақ және балмұздақ өндіруге жұмсалады. Аталған кәсіпорындар экологиялық таза, қоспасыз өнім шығарып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР