19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Атқарған жұмыстар бойынша есеп берді

Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібіне үш ауыл округі әкімдерінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеңес отырысында Қарғалы ауыл округінің әкімі Есенбай Шынтереков, Талапты ауыл округінің әкімі Динара Жипсыбаева және Қоғам ауыл округінің әкімі Жеңіс Зернәбиев биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында өздері жетекшілік ететін ауылдық округтерде атқарылған жұмиыстар жайын жан-жақты баяндады.
Ауыл әкімдері өз есептерінде ауылдардағы егіс көлемі мен мал басы санының артқанын, бюджеттік түсімдердің көбейгенін және өткен жылдарға қарағанда елді мекендерде қылмыс деңгейінің біршама азайғанын айтты.
Ауыл әкімдерінің айтуынша, ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп, ірілендіру мақсатында жүйелі жүргізілген жұмыстар да өз нәтижесін бере бастаған. Бүгінгі таңда Қоғам ауылдық округінде 4, Қарғалы ауылдық округінде 4, Талапты ауылдық округінде 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылып, мемлекет тарапынан берілетін түрлі жеңілдіктерге қол жеткізген. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудада алға жылжу бар.
Отырыста кеңес мүшелері ауыл әкімдеріне нақтылы сұрақтар қойып, берілген жауаптарды тиянақты саралады. Жұмысты жетілдіру бойынша өздерінің ой-пікірлерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР