20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Кәсіпкерлікке жол ашық

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік саласы дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Оған жергілікті биліктің жағымды бизнес-климат қалыптастыруы мен кәсіпкерлік идеяларды дамытуға көңіл бөлуі әсер етуде. Соның мысалы ретінде ағымдағы жылдың сегіз айында өңірде шағын және орта бизнестің 213 564 субъектісі тіркелгенін айтуға болады. Олардың ішінде 176 586-сы жұмыс істеп тұр және осы тұрғыдан алғанда өткен жылғы көрсеткіштен 105 пайызға артық. Осылайша, Оңтүстіктің республика бойынша үлесі 15,2 пайызды құрап, бірінші орынды иеленді. Облыстағы шағын және орта бизнес нысандары алдыңғы жылы 900,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 6,1 пайызды құрады. Ал осы жылдың 1-тоқсанында 158,3 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Биылғы 8 айда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 266 млрд теңгені құрады. Ол қаржының 61,4 пайыздан астамын шағын және орта кәсіпкерлер құйған (163,2 млрд теңге). Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бүгінде шағын және орта бизнес қанатын кеңге жайып, отандық өнімнің санын арттыруда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР