11-05-2024
16.3 C
Шымкент

Өңір өнеркәсібін өркендетуде

ОҚО орталығы Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар. Олардың қала экономикасы мен бюджетіне әсері зор болып отыр. Жалпы экономиканың өркендеуінде өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамуы негізгі рөл атқарады. Ол дегеніміз тұрмыс- тіршілікке қажетті өнім түрлерін шығару, жаңа жұмыс орындары, бюджеттің және жұмыспен қамтылған азаматтардың кіріс көзі деген сияқты маңызды факторларды үйлестіреді. Қазіргі таңда қалада 2 индустриялық аймақ жұмыс жасайды. Оның біріншісі, бұрынғы Фосфор зауытының аумағындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағы. Оның аумағы – 337 гектар. Жоспар бойынша жалпы құны 79,8 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 6 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде 84 жобаның 46-сы іске қосылып, 3,3 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, бұл жобаларға 21,4 млрд теңге инвестиция тартылғанын да атап өтуге болады. 2017 жылы 105 жаңа жұмыс орны бар 6.4 млрд теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар «Bitum Werk» ЖШС – битум өндірісі және «Hіll Corporation» ЖШС – регенерация және майлау өндірісі зауытының құрылысы. Екіншісі, «Тассай» индустриялық аймағы. Ол 89 гектар аумақты алып жатыр. Онда жалпы құны 26,8 млн теңгені құрайтын 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Барлығы 1526 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның ішінде, 2016 жылы жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 154 жұмыс орны ашылды. Олар: «Мега СМАРТ» ЖШС екі жобасы, «КазТехникас» ЖШС, «Marai E7 group» ЖШС. 2017 жылы 4 жобаны іске асыру арқылы, 170 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Бұларға кететін қаржы 1 949,5 млн теңгені құрайды. Яғни «Шымкай» ЖШС (750,0 млн теңге) жиһаз өндірісі, «MGroup KZ» ЖШС (850,0 млн теңге)– құрылысқа арналған ерітінділер және бетон жасайтын жабдықтар шығаратын зауыты, «ДезФумекс» ЖШС (30,0млн теңге) – асфальт-бетон зауыты, «НурАлем» ЖШС (319,5млн теңге) – әрлеу құрылыс материалдарының өндірісі секілді кәсіпорындар ашу көзделуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР