05-09-2021
29.3 C
Шымкент

Жеңілдетілген несие мен лизингке қол жеткізді

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы облыс кәсіпкерлеріне жылына 7-8 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру арқылы оларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре айтты. Оның айтуынша, қаржы орталығында кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, кепілдікке ауылдық жердегі мүлік алынады, бастапқы старт-ап жобалар қарастырылады. Тиімді өтеу кестесі жасалынады. Ең маңыздысы несиені рәсімдеу барысында ешқандай комиссиялар алынбайды. ««ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдық қызметі аясында өзінің экономикалық маңызы жағынан жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленіп келеді. Атап көрсетсек, 2009 – 2017 жылдар аралығында облысымыздың 16 431 тұрғыны жеңілдетілген несие және лизингке қол жеткізіп, кәсіпкерлікпен айналысуда, сондай-ақ, өзімен қоса бірнеше азаматтарды да жұмыспен қамтыған. Қаржыландырылған жобалар нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны 41 181 адамға жетіп отыр. Жалпы қаржыландырылған 16 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға 49 774,4 млн.теңге бағытталды. Несиелендірілген жобалар аясында облыстық бюджетке жалпы сомасы 893,4 млн.теңге көлемінде салық төленді»,-деді Басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР