09-04-2022
16.3 C
Шымкент

Ардагерлерге алғыс білдірді

Қазыналы қарттар мерекесін отырарлықтар да өз деңгейінде атап өтті. Салтанатты шарада елге есімі танылған ардагерлерге алғыс білдірілді. Ақ дастархан үстінде қариялар да айрықша қамқорлыққа ризашылығын жеткізді.  ОҚО Отырар ауданы  өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарды төл мерекелерімен құттықтап, ел ағаларына ыстық ықыласын жеткізді.  Айтулы мерекеде сөз алғандар елдің өркендеуі мен жас ұрпақты саналы тәрбиелеуде ақсақалдардың алар орнын ерекше айтты. Қарты бар ел қазыналы,-деп, әрқашан ырыс-несібенің ортаймауын тіледі. Қарттар күнінде құрметке бөленген ардагер бақытты болашақ тілейді. Оның ойынша, жұртқа ең керегі — тыныштық. Сондықтан әрбір адам өз өмірінде мамыражай тіршілік үшін тер төгуі керек. Мерекелік шарада қариялар мен ардагерлерге аудан әкімі арнайы Құттықтау хаттарын табыстады. Бағалы сый-сыяпаттар тарту етті. Осылайша, бейбіт күнге тәубә деген қариялар әсем әннің тербеуінде көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР