test
03-07-2024
32.3 C
Шымкент

Отбасылар аллеясы ашылды

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» ОҚО Қазығұрт ауданында дүниежүзілік деңгейде өтетін халықаралық қарттар күні көпшілік мереке ретінде ерекше ілтипатпен атап өтілді.Бұл күні аз қамтылған отбасы қарияларына қарт мүгедектерге әлеуметтік көмек жасалып үлкен құрмет көрсетілді.   Алдымен «Қарттар күні» мерекесіне орай аудан орталығында отбасылар аллеясының ашылу салтанаты болды.Бұл нысанға аудан қоржынынан қомақты қаржы қарастырылыпты.Демалыс орнының ерекшелігі ұлттық нақышта ертегілер елі кейіпкерлерінің бейнелері ерекше шеберлікпен сомдалған.Сондай-ақ құнды дүниелер айналасы көз тартарлықтай көркем етіп безендірілген.  Ауданда 92 жалғызілікті қария, 93 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.Әкімшілік тарапынан бұл кісілерге тұрақты түрде әлеуметтік көмектер көрсетіліп отырады.Қосымша жәрдемақы төленіп,қарияларға көрсетілетін сый-құрметтер назардан тыс қалған емес. Аудандағы қарттар күні мерекесі қызықты іс-шараларға ұласты.Орталық саябақта аспаздар сайысы ұйымдастырылды.Кәсіптік  бәсекеге 18 ұлт өкілдері тіл үйіретін ұлттық тағамдары әзірледі. Озық шыққандары мақтау грамоталарымен марапатталды.Мерекелік іс-шара соңында аудан қарияларына сый-сяпат жасалып ерекше құрмет көрсетілді.Өз кезегінде қазыналы қарялар да сөз алып, Елбасының саясатына сай ауданда атқарылып жатқан игілікті істер өркенді өзгерістер туралы сөз етіп, өздеріне жасаған құрметі үшін аудан басшыларына ризашылығын жеткізді.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР