18-04-2024
16.3 C
Шымкент

Мұқтаж жандарға қол созды

Мұқтаж жандарға қол ұшын созу азаматтық парыз. ОҚО Мақтаралда көшбасшы партия өкілдері көмекке зәру азаматтарды жомарт жандармен жүздестіруге мұрындық болып жүр. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында аудандағы көпбалалы аналармен әлеуметтік мәселе бойынша алқалы кеңес өтті.  Мақтаралда  көмекке зәру жандар, тағдыр талқысында қалғандар назардан тыс қалмайды. Аудандағы жомарт жандар  аз қамтылған, күн көрісі нашар, асыраушысы жоқ отбасыларға көмек қолын созуды үрдіске айналдырған. Ол  үшін партия мүшелері бірлесіп арнайы жобалар ұйымдастырып келеді. Әбдіманап Байдуллаев– «Нұр Отан» партиясы мақтарал аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары:- Күн тәртібіндегі мәселе Елбасымыздың осы кәсіпкер азаматтарды пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі, кедергісіз келешек, ардагерлерді ардақтайық аясындағы партиялық бағдарламаларда осы біздің нарық заманындағы дағдарыстан шығу мәселесіндегі кәсіпкерлердің қызметін пайдалану жөнінде ұсыныс берген болатынбыз, бұл қазір жүзеге асып келеді.

Қазақ жетімін жылатып, жесірін жерге қаратпаған. Бұл күнде де бір туған   бауырына ғана емес, бүкіл ауылына  жақсылық істейтін қалталы азаматтар аз емес.   Байдуллаев Әбдіманап – «Нұр Отан»партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары:- Келесі айда осы игі бастамамамыздың бірінші  мұрындық болған Оңалбай Аяшев белгілі меценат өзінің он жыл мерейлі мерекесіне қарсаңында аудан көлеміндегі аудан көлеміндегі 147 ата-анасының қамқорлығынан айрылған жасөспірімдерге үлкен қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ниет білдіріп отыр. Мұндай ниет білдірушілеріміз ауданымызда көп. Алдағы уақытта да  Елбасымыздың осы ел игілігін көтерудегі өзінің Жолдауымен кешегі Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласымен қатар, бүгінгі Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ партиялық жобаның аясында игі шараларды ұйымдастыратын боламыз.

«Мемлекет халықтың бүгіні ғана емес, болашағын да ойлауы тиіс» — деп Елбасы өз сөзінде қадап айтқан болатын. Аз қамтылған, күн-көрісі нашар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға көмек қолын созу  алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

КЕНЖЕХАН  Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР