test
02-07-2024
28.3 C
Шымкент

«Қарттарым аман саумысың»

Осындай атаумен «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен акция басталды. Акция аясында партия өкілдері тыл ардагерлері мен қарттардың үйіне барып, хал-жағдайларымен жіті танысуда. Айта кетейік бұл игі іс қарттар күні мерекесіне орай қолға алынған. Партияның өңіріміздегі филил басшысының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов бастаған топ бірінші болып тыл ардагері 80 жастағы Шырынтай Нұралиевтің үйіне ат басын бұрды. 20-ға жуық немере, 10-нан астам шөбере тәрбиелеп отырған қария партия өкілдерін қуана қарсы алды. Ақ дастарханын жайып, келгендерді қонақ етті. Айтар алғысы да шексіз. Шырынтай Нұралиев, тыл ардагері:  «Келіп, жағдайымызды сұрағандарыңызға көп-көп рақмет. Бір қуанып қалдық. Дендеріңізге саулық, елімізге тыныштық тілеймін. Аман-есен ел қуанышы болып жүре беріңдер»,- деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Алғысқа кенелген топ Қайтпас шағынауданындағы тыл ардагері Рұқсат Гасимовтың жағдайын білуді де ұмыт қалдырмады. Еңбек ардагері, өңіріміздің белді азаматына арнайы әкелген сый-сияпаттарын ұсынып, ақсақалдың ақ батасын алды. Шарапаты мол шара аясында тек сыйлықтар ұсынылып, құттықтаулар айтылған жоқ. Қарияларымыздың мұң-мұқтажы, шешілмеген мәселелері айтылып, ұсыныстары тыңдалды.

Әлия Әділбек

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР